Главная Сайт картасы Бізге жазу

Мектеп мақтаныштары

 

Аблсеитов Данияр
Данияр ҚАУ жанындағы мектепте 5-жыл оқып жатыр. Осы уақытта өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Сабақты жақсы оқиды. Көп оқып, информатика пәніне қызығушылық танытады, сонымен қатар қосымша сабақтарға барады. Сыныптың және мектептің өміріне белсене араласып, барлық іс-шараларға қатысып жүреді. Сынып ұжымында беделі бар.

 

 

Токпанов Тамир
Тамир ҚАУ жанындағы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол футбол мен баскетболдан өтетін спорттық шараларға қатысуды ұнатады. Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Тамир мұғалімдер мен сыныптастарының арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.

 

Машаралиева Данира
Машаралиева Данира бұл мектепте бастауыш мектептен бері білім алуда. 6Д2 сыныбының оқу озаты. Оның білімге деген құштарлығы жоғары, өте адал және жауапкершілігі мол оқушылардың бірі. Мектептің және сыныптың өміріне белсене қатысады. Данира - өте мейірімді, жауапкершілігі мол тұлға. Сыныптастары арасында зор беделге ие.

 

 

Азиева Амина
Азиева Амина 6Д3 сыныбында оқиды. Сыныптың көшбасшысы. Ол сынып пен мектеп өмірінде болатын барлық қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Ғылыми жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпазы. Оқуға деген ынтасы жоғары және интеллектуалды қабілеті жоғары деңгейде. Оқу бағдарламасын жақсы меңгереді, сөздік қоры мол. Қарапайым және күрделі сұрақтарға жауап беруді, күрделі есептерді шығарып, талдауды ұнатады. Бос уақытында сурет салғанды, әдеби кітаптар оқығанды жақсы көреді және өлең шығаруды ұнатады.

 

Карагезова Нейла
                Карагезова Нейла 2010 жылдан бері ҚАУ жанындағы мектебінде оқиды.Үздік оқушы.
Cабаққа жауаркершілікпен қарап, берілген тапсырманы тиянақты орындайды. Оқу барысында өзін жақсы жағынан көрсетті. Нейла мектепішілік олимпиадаларға, барлық қоғамдық істерге белсенді қатысады. Ол еңбеқорлығымен және адалдығымен ерекшеленеді. Кез келген жұмысты жақсы және өз еркімен белгіленген уақыттажүзеге асырады. Жұмысын уақытқа сай жоспарлай біледі.Ол сыныптастар мен мұғалімдердің арасындағы құрметке ие.
Нейланың ата-анасы барлық жағдайларда көмектесіп, сынып өміріне белсенді қатысады.

 

 

Нығмет Томирис
Нығмет Томирис ҚАУ жанындағы мектепте 2015 жылдан бастап оқиды. Осы уақыт аралығында ол өзін еңбекқор және жауапкершілігі мол оқушы ретінде танытты. Оның үлгерімі жақсы. Томирис сынып пен мектептің қоғамдық өміріне белсене араласады.

 

Есенкулов Марат
                Есенкулов Марат - оқу үздігі. Оқу барысында барлық пәндер бойынша білімінің жақсы екендігін көрсетіп отырады. Орыс тілі, әдебиет, тарих, биология, география пәндерін аса қызығушылықпен оқиды. Мектептің қоғамдық өміріне белсене араласып отырады, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды.

 

Нұрғазиева Анар
Нұрғазиева Анар 2002 жылы дүниеге келген. ҚАУ жанындағы қауымдастырылған мектепте 2015 жылдан бері оқиды. Оқу барысында ол өзін ақылды, еңбекқор және жауапкершілігі мол оқушы ретінде көрсете алды. Ол сыныптағы, мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Анар - ашық мінезді, елгезек қыз. Сыныптастары арасында лайықты құрмет пен беделге ие.

 

 

Болеста Александр
Александр ҚАУ жанындағы мектепте 9-шы жыл оқып жатыр. Осы уақытта өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Сабақты жақсы оқиды. Көп оқып, информатика пәніне қызығушылық  танытады, сонымен қатар қосымша сабақтарға барады. Сыныптың және мектептің өміріне белсене араласып, барлық іс-шараларға қатысып жүреді. Ғылыми сайыстар мен олимпиадалар жеңімпазы. Сынып ұжымында беделі бар.

 

 

Карагезов Ислам – ҚАУ жанындағы мектеп лидері
Мектеп және сынып өміріне белсене қатысады, оқу үлгерімі өте жақсы, ұстаздарға құрметпен қарайды, мектеп студенттері мен сыныптастары арасында беделі жоғары. Пән олимпиадаларына, зияткерлік байқауларға, спорттық жарыстарға үнемі қатысады.

 

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Мектеп мақтанышы