ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО Қауымдасқан мектепке қабылдау тәртібі.

1. ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО Қауымдасқан мектепке ҚР -ның заңнамасымен бекітілген Қазақстан азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.
2. Мектепке қабылдау жыл бойы жүзеге асырылады.
3. 9 және 11 сынып студенттері маусым айында мемлекеттік емтихан мен ҰБТ тапсыруына байланысты төлем ақыны10 айға бірақ төлейді.
4. Шетел азаматтары оқу ақысын алдын-ала қарастырылған тариф бойынша (оқыту құнын қосымша 25%) төлейді.
5. Мектепте үш бағыттағы сыныптар қарастырыған (7 – 11 сынып аралығында): экономикалық (сынып шифры - E), гуманитарлық (сынып шифры - H) және табиғи-техникалық (сынып шифры - NT) және қабылдау «А», «В», «С*», «С» санаттары бойынша жүзеге асырылады.
6. Мектепке қабылдау сұхбаттасу және тестілеу негізінде жүзеге асырылады:
- мектепке дейінгі - психологиялық кеңес беру;
- бастауыш мектеп (1-4) - психологиялық кеңес беру, логопедиялық, грамматика, және математика;
- бейінді емес сыныптар (5-6) - ағылшын, қазақ және орыс тілдері және математика;
- мамандандырылған сыныптар (7-11) - ағылшын, қазақ, орыс тілдері және бейінді пәндер:
1. гуманитарлық профиль (7-11) - Қазақстан тарихы және математика;
2. экономикалық профиль (7-11) – математика және география;
3. табиғи және техникалық профильі (7-11) - математика және биология.
Егер сіз сынып төмен бағалау «3» (C) алған кезде
«3» (С) бағасынан төмен алған жағдайда, кандидатқа дайындық курсында оқу ұсынылады
«А», «В», «С *» тиісті деңгейіне қабылдау ағылшын тілін толық меңгерген дарынды балаларға арналады:
1. Intermediate «А» и «В» категориясына;
2. Pre-Intermediate «С*» категориясына.
7. Оқуға қабылданған студенттер келесі құжаттарды тапсыру қажет: ата-анасының өтініші (арнайы бланкіде), студенттердің анкетасы (ата-анасымен толтырылады), Enrollment (тест нәтижелерінің бланкісі), студенттің суреті (4 дана), туу туралы куәлігінің немесе жеке бас куәлігінің көшірмесі (паспортының), жеке медициналық карта, тұрғылықты жерінен анықтама (үй кітапшасының көшірмесі), ата-анасының біреуінің жұмыс орнынан анықтама, өткен оқу-жылының табельдері, негізгі мектеп бітіргені туралы куәлігінің көшірмесі (9 сынып студенттері үшін), алдыңғы мектептен шығу талоны.
8. Орта мектепті бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі құжаттармен қатар ағылшын тілі және компьютерлік сауаттылық дағдыларын оқығаны туралы сертификаттар беріледі.