Главная Сайт картасы Бізге жазу

Үш жыл бойы оқытушылардың мектепішілік біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізіліп келеді. 2014-2015 оқу жылында педагогтар тәжірибесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізуге бағытталған бірнеше іс-шаралар жүзеге асырылды:
- педагогтардың оқу, меңгеру және жаңа технологияларды енгізу арқылы педагогикалық шеберліктерін көтеру мақсатында мектептің озат тәжірибелер жұмысы жалғастырылды.
Мектеп қызметінің міндеттері анықталды:
- оқытушылардың педагогикалық шеберіктерін және өзін-өзі бағалауын көтеру;
- білім сапасын, оқушылардың қабілеті мен дағдыларын көтеру, оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту.
Педагогикалық ұжымда педагогикалық технологияларды енгізу бойынша негізгі үш бағыт жұмыс істеді:
1. Давыдов бойынша дамыта оқыту технологиясы (МРОД)-жетекшісі Жалбағаева М.А.
2. Сыни тұрғыда ойлау (КМ)- жетекшісі Абдулхаликова И.В.
3. Жобалау технологиясы (ПТ) – жетекшісі Тайшибаева Р.Ж.
Топ оқытушылары сабақтарға қатысып, алынған нәтиже бойынша талдау жасады.
Қысқы демалыс кезінде Алдыңғы қатарлы тәжіри алмасу мектебінің отырысы өтіп, онда таңдалған технологиялар бойынша сабақтар, мастер класстар көрсетілді. Оқытушылар таңдалған технологияларын қолдана отырып, сабақтың әр түрлі кезеңдерін көрсетті. Жыл бойы пән апталықтары өтті, апталықта оқытушылар таңдалған технология бойынша ашық сабақтар өткізді. Жыл соңында, яғни маусым айында топ жетекшілері жасалған жұмыстың қорытындысын шығарып, әріптестерінің алдында есеп берді, қойылған сұрақтарға жауап беріп, келесі жылдың жұмысына өзгертулер мен түзетулер енгізді. Сонымен қатар, келешекте оқытушылардың жұмысына байланысты ұсыныстар анықталды.
«Давыдов бойынша дамыта оқыту» әдістемесі тобына жылдың басы мен соңына қарай білім алушылардың мониторрингісін жасау, аталған технологияны қолдана отырып жасалған сабақтардың топтамасын жасап, дайын сабақ жоспарлары көрсетілген әдістемелік жинақ туралы ұсыныстар болды.
«Сыни тұрғыдан ойлау» тобына сабақтың барлық кезеңдерінде аталған технология элементтерін қолдану аясын кеңейту туралы ұсыныстар болды.

 

2 қазан 2015
Просмотры (13941) | Комментарии (0)
Оставить комментарий
(Регистрация)
  • Имя*
    Электронная почта*
  • Комментарий*
    Введите число*