Құрметті сайт қонақтары, біздің мектептің сайтына қош келдіңіздер!
 
ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО қауымдастығына енген мектеп – педагогикалық үрдістің құрылымдық элементі болып табылатын, оқу-тәрбиелік міндетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, білім алушылардың танымдық қасиетін арттыратын өзіне лайық және өзара ic-әрекет жасайтын оқыту әдістері бар біртұтас динамикалық жүйе.
Біздің мектеп әр таң сайын өз білім алушыларына есігін ашып отырғанына 20 жыл болды. ҚАУ жанындағы мектеп өзіндік дара жолын іздеу, таңдау, америка және қазақстандық педагогикалық ғылымның үздік жетістіктерін зерттеу және енгізу сияқты түрлі қалыптасу кезеңдерінен өтті. Біздің мектептің басты бағдары – баланың қажеттіліктері мен қабілеттері.
 «Менің танып-білетінім, алдағы уақытта алатын білімім, ол не үшін керек және ол білімді қайда, қалай қолдана аламын» - бұл оқытушы мен білім алушының өзара түсінісуінің негізгі мақсаты. Сондықтан, білім беру үрдісі әр оқушы үшін жеке және ұжымға бейімделген; әр сыныпта оқушы саны 18 адамнан аспайды. Бұл көлемді, әрі қиын материалды меңгеріп, жақсы нәтижеге жетуге  мүмкіндік береді.   
Білім беру үрдісі психолог пен логопедтердің бірлесе отырып жұмыс атқарумен жүзеге асады. Бұл білім алушылардың бір-бірімен және оқытушылармен тез тіл табысып кетуіне септігін тигізеді.
Мектепте білім беру үрдісі төмендегідей сатылардан тұрады: мектепалды дайындық сыныбы, бастауыш сынып (1-4 сыныптар), негізгі орта мектеп (5-9 сыныптар) және орта мектеп (10-11 сыныптар). Қазіргі заманғы білім берудің үздік дәстүрін ұстана отырып, білім алушыларды болашақ кәсіби өмірге дайындау үшін мектепте үш тілділік  саясаты сәтті енгізілген. Мектепалады даярлық сыныптарынан бастап, бірте-бірте саты бойынша ағылшын, қазақ және орыс тілдері енгізіліп, сағат сандары да ұлғайып отырады.
Баланың қаблетін дамытуға, оның талантын ашуға, оның тұлғалық әлеуетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Сол үшін мектепте көптеген жылдар бойы қосымша білім беру жүйесі жұмыс істеп келеді: үйірмелер мен спорттық секциялар. 
Біздің мектеп баланың зияткерлік дамуына ғана көңіл бөліп қоймай, сонымен қатар, оның физикалық дамуына да көңіл бөледі. Ол білім алушыларды мектеп асханасынан толық және теңдестірілген түрде тамақтандыру арқылы жүзеге асырылып отыр. 
Біздің мектеп бұл – білім берудің заман талабына сай жаңа инновациялық технологияларды қолдана отырып беру, оқытушылардың оқу материалын түсінікті әрі қызықты етіп жеткізе алуы сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлетін білім ордасы. Мектеп ғимараты жаңа үлгіде соғылған, сыныптар оқушыларға қажетті құралдармен жабдықталған. 
Біздің мұғалімдер үшін мектеп тек жұмыс қана емес. Бұл біз өмір сүріп жүрген әлем. Біздің мектептің әрбір оқытушысы өз алдына қойылған мақсат пен міндетті жақсы біледі. Ол балаларды жаңа, ашық ақпараттық қоғамға бейімдеу, оларды білім алуға үйрету, достықты бағалайтын, жақындарына қамқорлық жасай білетін, өз елінің азаматы, жақсы адамды тәрбиелеу. Бұл үшін тек білім беріп қана қоймай, оларды, яғни кішкентай болса да, өзіндік жеке тұлғаны жақсы көру және сыйлау керек. Біздің сайттан мектеп өмірін, барлық жаңалықтарды, біздің жетістіктерімізді білуге болады.
Мен барлықтарыңызды, әсіресе, ата-аналарды ашық сөйлесуге шақырамын. Сіздердің мектеп және біздің сайт жайында пікірлеріңіз, біз үшін, біздің мектептің ары қарай дамуы үшін өте маңызды. Өздеріңіздің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдырып отыруларыңызды өтінеміз!
 

 

ҚАУ жанындағы мектеп директоры
Сабирдинова Сабина Адильхановна