Оқуға қабылдау ережелері

KAU мектебіне түсу «enrollment» («сұхбаттасу») арқылы жүргізіледі.

Оқуға қабылдау сұхбаттасу қорытындысы бойынша жүргізіледі. «С» - дан төмен баға алған кезде үміткерге дайындалуға және Enrollment-тен тағы бір рет өтуге кеңес беріледі.
Оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру тиісті оқу жылына мектеп директоры бекіткен академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
Кестеде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы мен реттілігі көрсетіледі. Сабақтың ұзақтығы - 45 минут. Мектептегі оқу сабақтары 8 сағат 30 минутта басталады.
1 сынып - сұхбаттасу
Бастауыш сыныптар (2-4) – математика, қазақ және орыс тілдері.
Орта және жоғары сыныптар (5-11) - ағылшын, қазақ, орыс тілдері және математика.
Оқуға түсу келесі түрде жүргізіледі:
RU
EN

Мектептің оқу жылы (2-11 сыныптар) 36 аптадан тұрады
(каникул кезеңін есептемегенде)

Жартыжылдық

1 жартыжылдық (I, II тоқсан) - 16 апта.

* 10-шы және 16 – шы аптада білімді бақылау-БЖБ және ТЖБ;
* бір апта күзгі демалыс,
* 11 күн қысқы демалыс.
2 жартыжылдық (III, VI тоқсан) - 18 апта.

* 26-шы және 34 – ші аптада білімді бақылау-БЖБ және ТЖБ,
* 12 күн көктемгі демалыс.
7-сыныптан бастап оқыту 2 бағыт бойынша жүргізіледі: жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық. 6 сыныптан кейін оқушылар мен ата-аналарға бағытты таңдау ұсынылады. Жаратылыстану-математика сыныптарында математика мен бағдарламалаудың қосымша сағаттарын, әлеуметтік-гуманитарлық сыныптарда – ағылшын және қытай тілдерін үйрену ұсынылады.
Оқушының сабаққа қатыспауын анықтайтын негізгі құжат сынып журналы болып табылады. Мектеп басшылығы сынып кураторларымен (эдвайзерлерімен) бірлесіп оқушының сабаққа қатысуын ай сайын есепке алуды жүзеге асырады. Мектеп оқытушылары журналдарға қатысуын уақтылы тіркеуге жауап береді.

8.30-дан 16.10-ға дейін (Дс-Жм) оқушылардың мектепке келуі, 2 рет тамақтану, мектепте өзін-өзі дайындау, мектеп көлігімен тасымалдау, тәулік бойы күзет, оқушылардың денсаулығы мен тамақтануына медициналық бақылау, педагогтарды даярлаудың жоғары кәсіби деңгейі қарастырылған.

Деректемелер

Деректемелер

«Алматы байланыс колледжі – ҚАУ жанындағы мектеп» ЖШС
Мекен-жайы 050043, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Торайғырова к-сі, 29
БИН 120 140 020 963
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БИК HSBKKZKX
ИИК KZ436010131000179010
КБе 17

Оқуға түсуге өтінім қалдыру

Міндетті түрде
барлық өрістерді толтырыңыз
INSTAGRAM
@kau.school
«KAU.kz» © 2021 барлық құқықтары қорғалған
info@kau.kz