Главная Сайт картасы Бізге жазу

Мектеп жаңалықтары

25 наурыз 2021
Наурыз – жақсылықтың бастамасы

 

Мерекеміз Наурыз –
Халық күткен бақ-ырыс.
Адамдардың аңсары,
Бір-біріне сағыныш.

 

Наурыз – жыл басы. Ол күнтізбеге сәйкес 21-23 наурызда атап өтіледі.

Қазақстанда Наурызды тойлау ұлттық мәдениетті жаңғырту жағдайында, ежелгі дәстүрлердің сабақтастығын сақтап қалды. Наурыз - уақыт байланысының маңызды буыны. Наурыз мерекесі - молшылықтың белгісі. Ол үйге жыл бойына молшылық пен сәттілік әкеледі. Бұл мереке келесі өмірлік циклдің басталуын білдіреді, сондықтан наурыз мерекесі ерекше   қабылданады.

Мерекеде адамдар ең жақсы киімдерін киіп, бірге жиналып, дәстүрлі ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырады, ән айтады және билейді. Қазақстанда наурыздың ежелден келе жатқан дәстүрі бар. Ең маңыздыларының бірі -тазалық дәстүрі. Ол көптеген ғасырлар бұрын тамыр жайған және қазіргі кезде де өз маңыздылығын жойған жоқ. Тазалық тек үйде ғана емес, аулада да жүргізіледі.

Ең бастысы, ақ сақалды қарт Қыдыр ата (ол мереке қарсаңында жер бетінде жүреді) адамдардың ынтасын көреді. Ол үшін киіз үйдегі құрметті орынға түні бойы екі шам қойылып, дастарқан жайылады. Қазақтар наурыз туралы:   «Мерекеде үй таза болса, онда ол үйдің тұрғындары жыл бойы қайғы-қасіретсіз, ауру мен шығынсыз өмір сүреді» деген. Мереке қарсаңында қарызды қайтару,  татуласу керек.

Наурызды тойлау игі бастаманың көрінісі. Көшеде кездескен адамдар бір-бірімен көрісіп,  достық қарым-қатынаста болады, құшақтасып, бір-біріне жақсылық тілейді. Бұл меркеде дастарқанға ерекше тағам қойылады. Ол "Наурыз көже" деп аталады және ол жеті түрлі тағамнан тұрады: сүт, бұлақ суы, астық, ұн, тұз, май және ет. Қазақстанда Наурыз мейрамы-наурыз көжесіз өткізілуі мүмкін емес. Бұл ерекше сусынды ішіп, адамдар тілек білдіреді. Сонымен қатар,   бұл алдағы жылда шексіз бақыт пен молшылық әкеледі деген сенімді білдірген.

Бұл мереке қарсаңында біз карантинге түскеніміз өкінішті. Бірақ соған қарамастан, ҚАУ жанындағы мектеп оқушылары онлайн конкурстарға белсенді қатысты: «Мәнерлеп оқу сайысы», «Жас суретшілер байқауы», «Үздік шығарма байқауы»! Осы мерекеде өз өнерін көрсеткен үздік студенттерге орын берілді! Балалар, ұлттық мереке рухын ұмытқан жоқ, наурыз туралы әндерді сүйсіне оқығаны олардың дәлелі болып табылады!

Наурыз Қазақстанда бірнеше күн бойы тойланады.

Наурыз тек ұлттық мереке емес, жалпы Қазақстандық мереке сипатына ие болды!

Наурыз мерекесі құтты болсын!!!

 

 

Соңғы жаңалық
13.05.21
Балалардың хор орындауында "Жеңіс күні", "Широка страна", "Катюша", "Священная война", "Смуглянка", "Землянка" және т. б. әндер шырқалды..
13.05.21
Пікірталасқоғамдық және азаматтық пікірталастардан басқа, үлкен тәрбиелік мәнге ие.
12.05.21
Филология апталығы аясында өткізілген қызықты іс-шаралардың бірі 5Д4 сынып студенттері қатысқан "Кот в сапогах" спектаклі болды. Спектаклдің көркемдік жетекшісі және режиссері – орыс тілі мен әд...
дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
Мектеп мақтанышы