Қамқоршылар кеңесі

ҚАУ жанындағы мектептің қамқоршылар кеңесі– қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдардың ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Қамқоршылық кеңесі - тек қолдау мен қаржыландыру ғана емес, мектептің, ең маңыздысы - азаматтық қоғамның билікпен диалог құру құралы.

Қоғаммен белсенді ынтымақтастық, қаржылық қолдау көрсету, ҚАУ жанындағы мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында әкімшілік жанынан Қамқоршылар кеңесі құрылды. ҚАУ Қамқоршылар кеңесінің құрылуы мен жұмыс істеуі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы және Білім және ғылым министрінің 007 жылғы 22 қазандағы Қамқоршылар кеңесі қызметінің типтік ережесін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы бұйрығы аясында жүзеге асырылды.

Қамқоршылар кеңесі - жеке және заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі болып табылады және ҚАУ жанындағы мектебінің оқу-шаруашылық қызметін қолдау және ілгерілету бойынша алқалы кеңесші орган болып табылады. Қамқоршылар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, ҚАУ Жарғысын, ҚАУ Қамқоршылар кеңесі туралы ережені және билік органдарының басқа да нормативтік құқықтық құжаттарын басшылыққа алады. Қамқоршылар кеңесі жергілікті билік органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, мекемелермен, ұйымдармен, мамандандырылған кәсіпорындармен өзара әрекеттесудің тиімділігін арттырады.

Қамқоршылар кеңесі – білім мен ғылымның дамуына етене ат салысатын еліміздің алдыңғы қатарлы ғылым, қоғам мен саясат, экономика және бизнес құрылымдары өкілдерінен құралады.

Қамқоршылар  кеңесінің мақсаттары - мектепке қолдау көрсету. Атап айтқанда, оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, қаржылық қолдауды қамсыздандыруда, материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу, сондай-ақ, оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу.

Қамқоршылық кеңесі мектептің әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары менжұмыспен қамтылуын жақсартуға жұмыстанады. Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізеді. Білім беру ұйымы басшылығының Қамқоршылық кеңес есебін тыңдап қабылдайды.