Баланы жақсы мектепте оқыту – бұл әр ата-ананың арманы. ҚАУ жанындағы мектепте сапалы білім алуға болады, бұл сіздің балаңыздың беделді университетке түсуіне және үздік студенттер қатарын толықтыруға кепілдік береді.

Балаңыздың  табысты өмірі мектеп қабырғасынан басталады. Біздің білім беру үдерісіндегі педагогикалық технологиялардың өзіндік құндылығы бар – олар біздің оқушыларымыздың дамуына ықпал етеді, білім сапасы мен әрі қарай оқуға дайындық тиімділігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, жаңа педагогикалық технологиялар кез келген мәселені шешуге мүмкіндік береді. Сіз біздің жүйеге және дәстүрлерге қосылудың ерекше мүмкіндігіне ие боласыз.

ҚАУ жанындағы мектепте қолданылатын оқыту әдістері дәлелденген  және тиімді, олар оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймайды, сонымен қатар керемет нәтижелер береді. Біздің оқушылар халықаралық, республикалық, қалалық байқаулардың, олимпиадалардың және барлық жарыстардың жеңімпаздары болады.

   Қазақ-Америка университетінің жанындағы ЮНЕСКО-ның қауымдастырылған мектебі - ХБК-ның құрылымдық бөлімшесі.

   ҚАУ жанындағы мектеп белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен, республикалық және шетелдік ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

   Оқу үрдісін ұйымдастыру және Мектепті басқару Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, ҚАУ Жарғысына, оқушыларды қабылдау, аттестаттау және бітіру ережелеріне және басқа да ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.