ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО-ның ассоцияцияланған мектебі Қазақ-Америка университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Мектеп ұзақ жолдан өтті. Ең алғаш ҚАУ жанындағы мектеп 1998 жылы ашылды. Алғаш рет ашылғанда мектепте бір 11- сынып және екі 10-сынып болды, біреуінде сабақ орыс тілінде, екіншісінде сабақ ағылшын тілінде жүргізілді. Алғашқы ұстаздар С.С.Грачева, В.И.Иваненко, К.Т.Тайчикова, М.Ш.Шоженова, Г.Б.Асқаровалар болды. Аталған ұстаздар бүгінгі күнге дейін мектепте жұмыс істеп жатыр.
2000 жылы мектептің 5-6 сыныптарына орыс тілді, 30 пайыз ағылшын тілінде оқытумен балалар қабылданды.
2003 жылы ҚАУ жанындағы мектеп ЮНЕСКО-мен ассоцияцияланды.
ҚАУ жанындағы мектептің бастапқы білім беру кешені 2002 жылы құрылды. Бастапқы білім беру кешенінің тарихы 2002 жылдың ақпан айынан басталды.
Алғаш рет «Росток» деген атпен мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған, әр түрлі жастағы балалардан тұратын топ ашылды, ал сәуір айында Бастапқы білім беру кешенінің ашылу салтанаты өтті. Онда жоғарғы және орта жастағы балалар тобы болды, барлығы 36 адамнан тұрды.
Қыркүйек айында Бастапқы білім беру кешені төменгі буын оқушыларын құшақ жая қарсы алды. Алғашында Бастапқы білім беру кешені екі 1-сыныпқа, бір 2-сыныпқа және бір 3-сыныпқа орыс тілді оқытумен оқушылар қабылданды. Осы жылы Бастапқы білім беру кешенінде үйірмелер жұмыс сітей бастады: шахмат, каратэ, спорт секциялары, түрлі дамыту ойындары, би, вокал, бейнелеу өнерінің студиясы.
2006 жылы қазақ тілді оқытумен екі 1-сынып ашылды.
Бастапқы білім беру кешенінің пионерлері мен бастауыш мектеп оқушылары М.Ш.Атабаева, И.В.Абросимова, И.П.Криворучкалар болды.
2007-2008 оқу жылында ҚАУ жанындағы мектеп пен Бастапқы білім беру кешені біріктірілді, оған мектеп алды даярлық топтары, бастауыш мектеп, негізгі мектеп кірді.
2004 жылы жалпы білім беретін, мемлекеттік талапқа сай және жаңа бағдарлама бойынша білім беретін орта мектеп есебінде, мемлекеттік аттестациядан өтті.
2014-2015 оқу жылында мектепте Модернизацияланған үлгідегі жалпы орта білім беру тәжірибесі өткізілді.
Мектепке үш тілділік әдісі енгізілген, кейбір пәндер ағылшын тілінде жүреді.
Бүгінгі күні мектепте 0-11 сынып аралығында 257 студент білім алуда.