Мектептің негізгі міндеттері мен мақсаттары:

·         Білім алушылардың әлеуеттік мүмкіндіктері мен жеке қасиеттерін ашу;

·         Білім алуға ынталандыру;

·         Өз бетінше ойланып, өз ойын еркін жеткізе білу қабілетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оларға құрмет көрсету және бірлесе отырып жұмыс істеу сияқты қасиеттерін қалыптастыру;

·         Қазақ-Америка университетінде ағылшын тілінде білім алуға дайын, интеллектуалды, шығармашылық түрде ойлайтын  жеке тұлғаны қалыптастыру;

·         Қазақстан мен шетелдің беделді ЖОО білім алуды жалғастыруға қабілетті, жоғары білімді оқушыларды дайындау;

·         ҚАУ-да ағылшын тілінде үздіксіз білім беру үдерісі мен қажетті оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету.

Концептуалдық  ережелер:

·         Ынтымақтастық педагогикаға деген жеке көзқарас;

·         Табыс – білім алуда оқушыларды дамытудың негізгі шарттары;

·         Сыныптағы жайлылық, мейірімділік, өзара көмек;

·         Бірізділік, оқу материалының жүйелілігі;

·         Дифференциация,  тапсырманың түсініктілігі.