1. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007жылдың 27 шілдесінде ?319 «Білім беру туралы» Заңына сәйкес құрастырылған және оқу жетістіктерін сырттай бағалау(ОЖСБ) білім беру мекемелерінде өткізіледі.
2. Ереже білім беру мекемелерінің жекеменшік және ведомстволық тиесілігіне, түріне қарамай таратылады.
3. Білім беру мекемелеріндегі ОЖСБ міндеттері:
1). Оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жасау;
2).мекеменің оқу үдерісін тиімділігін бағалау;
3) білім беру мекемесінің білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау жасау.
4. ОЖСБ өткізу уақытын білім беру саласының Уәкiлеттi органы бекітеді.
2. Жалпы орта білім беретін мекемелерде ОЖСБ өткізу.
5. Жалпы орта білім беретін мекемелерде ОЖСБ негізгі орта, жалпы орта білім беруден кейін: негізгі мектепте (9 (10) – сыныптан кейін)- оқытудың алдағы бағытына нықтау мақсатымен; жалпы орта (бағытталған) мектепте – деңгейлік білім жетістіктерін бағалау мақсатымен өткізіледі.
6.ОЖС Боқушы білім алып жатқан мекемелерден егізгі орта білім беретін деңгейде өткізіледі.
7. ОЖСБ өткізу ережесінің сақталуын білім беру саласының білім және ғылым бойынша бақылау Комитетінің Департаменті, Министрліктің жіберген уәкiлеттi өкілі қадағалайды.
8. Уәкілетті органның бекітуімен берілген ақпараттық технологияны пайдалана отырып жазған жазбаша тапсырмаларын ОЖСБ кешенді тестілеу сияқты қағаздада (қағазды тасығышта ) орындатуға болады.
9. Тапсырмалар жалпы білім берудегі оқу бағдарламасы негізінде жасалады, оның мазмұны аталған бағдарлама аумағынан шықпауы керек.
10. 9 (10)- сыныптарда өткізілетін ОЖСБ –ге міндетті түрде қазақ тілімен 3 пәнкіреді, оларды уәкілетті орган жыл сайын анықтап отырады.
11.Әр пәннен тест тапсырмалар саны -20
12. 4 пән бойынша тестілеуге 120 (2 сағат) минут беріледі.
13. ОЖСБ нәтижесі ретінде әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
14. Нәтижелерін ұлттық бірыңғай тестілеу бөлімшелері өңдейді.
15. Оқушыларға ОЖСБ нәтижесін күнтізбелік үш күн ішінде хабарлайды.
16. ОЖСБ нәтижесін рейтингтік зерттеу жүргізетін мекемелерде пайдалана алады.
17.Тестілеуді өткізуге даярлық ретінде оқушыларға тест материалдарын толтыруды, орындау тәртібін түсіндіреді.

Оқушыларға рұқсат етілмейді:
1) Бір орыннан екінші орынға ауысуға;
2) Тестілеудің кезекші материалын рұқсатсыз ашуға;
3) Басқа оқушылармен тест материалдарын ауыстыруға;
4) калькулятор, анықтамалық әдебиет( Менделеев сызбасымен тұздардың еру сызбасынан басқа), электрондық жазба кітапша, түзеткіш сұйықтық және мобильдік байланыс;
5) басқа оқушылармен сөйлесуге, олардан көшіруге, әртүрлі анықтамалық материалдар пайдалануға;
6) Министрліктің өкілінің және кезекшінің рұқсатынсыз шығуға болмайды.