Қазіргі интернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқада жағдайлар оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белгілі. Осындай кезде оқушыға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу үстінде. Бірақ та қазір мүмкін емес дүние жоқ, әр мәселені шешудің дұрыс жолын таңдау керек. Баланың оқуға деген ынтасын арттырудың жолдарынан біраз кеңестер:
• Жастайынан бастап, логикалық дамуына ықпал ететін тапсырмаларды орындауға, сол секілді ойындар ойнатуға тырысыңыз. Ақыл ойды дамытатын бірнеше тапсырмалар беріңіз.
• Ешқашан балаға бұйрық беру арқылы оқытпаңыз. Бұл еш нәтиже бере алмайды. Баланың әрқайсысымен дос ретінде қатынаста болыңыз, мүмкін сізден көмек керек шығар. Кейбір пәндерді меңгеруде қиындық туып жүрсе көмектесіңіз. Ол сізге сенетіндей болсын.
• Баланы сабақтан кейінгі уақытын тиімді пайдалануы жөнінде ата-анасына түсіндіріңіз. Үй тапсырмасын орындап, демалып, компьютерге отыру уақыттарын белгілесін, үйдегі уақытын тиімді пайдалансын.
• Төмен баға алған жағдай болса, оны қолдап, төмен баға уақытша екенін, әлі де болса келесі сабақтардан жақсы баға алып, мұғалімдерді таң қалдырасың деп қолдап, қолпаштау керек.
• Азғантай ғана сәтсіздіктер болса да, балаларды жиі мақтаңыз. Оның еңбекқор, ақылды екенін айтып, онымен қалай мақтанатындығызды айтып қойыңыз. Баланың бекер еңбектеніп жатпағанын түсіну керек.
• Баланың әрбір ісі үшін марапаттай біліңіз. Істеген ісі, оқудағы жетістігі үшін марапаттау керек. Бастысы оқуға деген ынтасын арттыру керек.
• Қаталдық, қатаңдық, қатыгездік артыққа апармайды. Қатаң болыңыз, бірақ орнымен. Қатал болам деп баланың бойындағы қайсарлықты өлтіріп алмау керек. Баланы баурап алу үшін баламен балаша сөйлесу керек. Сонда ол келесіде сізді көргенше асығып, сізге тартылып тұрады.
• Есiңде болсын өзiң жалындай бiлсең, басқаның көңiлiн, ынта ықыласын оятасың.
• Iлiм жолындағы ұстанар тағылым алған бiлiмiңіздi таным түсiнiгiнде жүзеге асыру, оны тiршiлiкте үйлесiмдi қолдану мұғалім үшiн өмiрлiк шарт деп қараған жөн.
• Ой азабын кешпей бiлiм бойға дарымайды. Былайша айтқанда қойылған мәселенің шешiмiн шәкiрт өзi тапсын, ойлансын, толғансын. Iзденiс маңдайға тисе ғана бiлiм санаға сiңедi, ұғым түсiнiкке ұйтқы болады. Оқығанды көңiлге тоқудың арнасы ашылады. Мұны ой еңбегiнiң күрделi күрмеуiнің шешудiң кiлтi деуге болады.
• Оқушыға қойылатын талап оның дамуындағы ақиқат шындықпен iштей бiрлiк тауып, үйлесiмдi болса ғана сiз жүргiзген тәлiм-тәрбие нәтижелi болады.
• Адам жастық шағында елiктегiш келедi. Әсiресе туған өлкесiн сүюге, ана тiлiн құрметтеуге, елiнiң тарихы мен ғұрпын игеруге деген әсерлi сезiмiн қолдап, iзеттiлiгiн сөз жөнiнде ғана емес iс жүзiнде терең тануы жөнiнде өнеге көрсетуi мiндеттi екенiңiздi бiр сәт естен шығармағаның жөн. Өнеге өрге бастырады.
• Оқушыны қабiлеттi, бойында күш-қуаты жеткiлiктi екендiгiне сендiре бiліңіз. Өйткенi сенiм жеңiске жеткiзе бiлетiн үлкен күш.