3-11 сыныптарын қашықтықтан оқыту
- 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанынан бастап ҚАУ жанындағы мектептің 3-11 сынып аралығында коронавирустық инфекцияның таралмауын алдын-алу мақсатында оқыту процесі Microsoft Teams платформасында қашықтықтан жүзеге асырылады.
- Сабақ кестесі инвариантты компонентті де, оқу жұмыс жоспарының өзгермелі компонентін (факультативті пәндер) қамтиды. Сабақ кестесіне сәйкес оқушылар 08:30-14:40 уақыт аралығында оқиды. Сабақтың ұзақтығы – 30 минутты, үзіліс уақыты – 10 минутты, сонымен қатар 40 минуттық үлкен үзілісті қамтиды.

«Кезекші сыныптарда» оқыту процесін ұйымдастыру (1-2 сыныптар):
- ҚАУ жанындағы мектепте ата-аналардың бастамасымен 1-2 сынып оқушылары арасында кезекші топтар құрылды. 1Д2 сыныбының кураторы – Орынбекова Разия Темиргалиевна, 1Д3 сыныбының кураторы – Юсуфова Зейнеп Юссуфовна, 2Д2 сыныбының кураторы – Кабланова Асель Бауыржановна.
- Кезекші сыныптардың жұмысына қойылатын талаптарға сәйкес оқыту формасы «бір сыныпқа бір мұғалім» қағидасы бойынша жүзеге асырылатын болады.
- Сабақ кестесі инварианты компонентті де, вариативті компонентін де (факультативті пәндер) қамтиды. Сабақ кестесіне сәйкес 1-сынып оқушылары 08:30-11:30 уақыт аралығында, 2-сынып оқушылары 08:30-12:15 уақыт аралығында оқитын болады. Бір сабақтың ұзақтығы 35-40 минутты құрайды. Ал, түстен кейін 14:00-15:50-ге дейінгі уақытта 1-2 сынып оқушылары қашықтықтан білім алуды жалғастырады. Қашықтықтан оқыту кестесіне енгізілген пәндерге төмендегі пәндер жатады:
«Ағылшын тілі»
«Қазақ тілі»
«Би өнері»
“Fly High”
«Менің сүйікті ағылшын тілім»
«Ағылшын тілінің коммуникативті грамматикасы»
«Музыка»
«Дене шынықтыру»

- Мектеп асханасының қызметі тоқтатылды
- Үйірмелер мен секциялар уақытша қызметін тоқтатты
- Оқушыларға арналған міндетті мектеп формасы сақталады. 2020-2021 оқу жылында балаларға сабаққа ыңғайлы және ұқыпты киім үлгісін сақтай отырып сабаққа келуіне рұқсат етілді.
- Ата-аналарға балаларды сабақ басталғанға дейін мектептің алдыңғы есіктеріне дейін алып келу және сабақ аяқталғаннан кейін мектептің сыртқы есігінен үйіне дейін алып кету міндеті жүктелді.