Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу

 
ҚАУ жанындағы мектептің даярлық сыныптарында сабақтар ҚР мемлекеттік білім беру стандарты бойынша   типтік жұмыс бағдарламасы мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес жүргізіледі.  
Төменде аталған сабақтар 30-35 минут жүргізіледі:
1.                  Қоршаған ортамен танысу
2.                  Қазақ тілі
3.                  Тіл дамыту
4.                  Балалар әдебиетімен танысу
5.                  Сауат ашу 
6.                  Қарапайым математикалық түсініктермен танысу
7.                  Өзін-өзі тану
8.                  Бейнелеу өнері
9.                  Сурет салу
10.              Мүсіндеу
11.              Аппликация
12.              Көркем еңбек
13.              Музыка
14.              Дене шынықтыру
15.              Ағылшын тілі
16.              Логика
17.              Риторика
Сауат ашу пәні бойынша оқушы оқу жылының соңында төмендегідей дағдыларды меңгеруі тиіс:
·                    Белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді атау («о» орамжапырақ, орман, отбасы және т.б.);
·                    Дыбыстың сөздегі орнын анықтау: сөздің басында, ортасында немесе аяғында; берілген орын тәртібі бойынша сөздерді атау («қ» сөздің басында – «қалам», сөздің ортасында «салқын», соңында – «тарақ»);
·                    сөйлемде белгілі бір дыбыстары бар сөздерді табу;
·                    дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
·                    сөздегі буын санын анықтау;
·                    белгілі бір буынға басталып, аяқталатын сөздерді атау;
·                    сөйлемдегі сөздердің санын анықтау, әліпбидегі барлық әріптерді білу;
·                    оқи білу және әріптерден буын, сөз құра білу,
·                    мағынасын түсіне отырып, сөйлем мен шағын әңгімелерді оқи білу;
оқу жылының соңында оқушы тіл дамыту бойынша сөйлемнің грамматикалық құрылысын меңгеруі тиіс. Оқушы белсенді сөздікке кіретін сөздерді дұрыс алмастыра білуі керек.
Мектеп жасында оқушы төмендегі дағдыларды білуі тиіс:
·                    өзі туралы айт білу;
·                    сурет және сурет желісі, ойыншықтар мен белгілі бір зат бойынша әңгіме құрастыра білу;
·                    қойылған сұрақтарға толық және түсінікті жауап бере білуі тиіс, сонымен қатар сауал қоя білуі керек;
·                    әдеби мәтіннің мазмұнын өз бетімен мәнерлеп жеткізе білуі тиіс;
Қарапайым математикалық түсініктер бойынша оқушы төмендегі дағдыларды білуі тиіс:
·                    10 -нан 100-ге дейін санай білу, 10-нан 1-ге дейін кері санай білу;
·                    берілген заттарды санымен сәйкестендіру;
·                    сандар тізбегіндегі түсіп қалған санды анықтау;
·                    сандар құрамы – оқушы көре және ести отырып, сандарды салыстыра білу;
·                    10-ға дейінгі сандарды қосу және алу;
·                    10-ға дейінгі сандарды ойша қосу және алу,
·                    Математикалық таңбаларды жаза білу («қосу» +, «алу» - және «теңдік белгісі» =);
·                    Арифметикалық әрекеттерді айыра білу – «қосу» және «алу»;
·                    Өз бетінше сурет бойынша  мысал құру және оны шешу;
·                    Оқушының сызық, бұрыш, геометриялық пішін және дене туралы қарапайым геометриялық түсініктері қалыптасуы керек;
·                    Мектеп жасындағы оқушының уақыт пен кеңістікті, түрлі заттардың бағыты мен қозғалысын, тәуліктегі уақыт, апта күндері, ай және жыл мезгілдерінің ретін бағдарлай білуі керек;
Бұл ереже барлық пәндерде сақталуы тиіс.