Бастауыш білім беру
ҚАУ жанындағы мектептің бастауыш сыныптардағы білім беру бағдарламасы тұлғаның үйлесімді дамуына бағытталған. ҚР мемлекеттік стандартында көрсетілген оқу пәндерінен өзге сабақ кестесіне мынадай пәндер енуі тиіс: логика, риторика, экономика және қаржылық сауаттылықтың негіздері. Бастауыш мектепте жұмыс істейтін үйірмелер: вокал, бейнелеу өнері, домбыра, хореография және спорт секциялары: каратэ, шахмат, футбол, теннис.
Мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын оқушылар математика, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі сияқты пән бойынша қалалық және Республикалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. 
Бастауыш мектепте сабақ 8.30-16.30-ға дейін, бес күндік, 4 реттік тамақтану, мектепте үй жұмысы орындалады, оқушыларды мектеп көлігімен тасымалдау қызметі, мектепте тәулік бойы күзет қызметі, оқушылардың денсаулығы мен тамақтануына медициналық бақылау, мұғалімдердің жоғары деңгейдегі кәсіби даярлығы.