ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО қауымдастырылған мектеп бағдарламасының мақсаты:
1.                  Жан-жақты дамыған, халықаралық кеңістікте еркін бағдарлау қабілеті бар, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген, мектеп қабырғасында жүріп болашақ мамандығын таңдаған және соның негізінде білім алған, қоғамда өз орнын табуға тырысатын, сонымен қатар, өз Отаны - Қазақстан Республикасының патриоты болатын тұлғаны оқыту және тәрбиелеу.
2.                  Оқытудың үздік халықаралық және ұлттық әдістері мен технологиялары негізінде, жаңа білім беру жүйесін жасау және енгізу; 
3.                  Мектеп студенттерінің бойында мемлекеттің тұрақтылық саясатына, барлық ұлт, мәдениет және дін өкілдерінің   арасында түсіністікті қамтамасыз ететін азаматтық жауапкершілікті, патриоттылық пен ұлтаралық сезімін тәрбиелеу.  
ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО қауымдастырылған мектебі өзінің халықаралық қызметін дамыта отырып, Қазақстан азаматтарымен бірге, шетел азаматтарына да тең дәрежеде білім алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектепте «Тіл туралы заң» негізінде мемлекеттік тілге қолдау көрсетіліп, сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. ҚАУ жанындағы ЮНЕСКО қауымдастырылған мектебіне студенттерді қабылдау «Enrollment» арқылы жүзеге асырылады. «Enrollment» арналған пәндер тізімі анықталған:
1.                  Мектепке даярлық сыныптар – психологпен кеңес;
2.                  1-сыныптар – психолог, логопедпен кеңес;
3.                  2-4 сыныптар- қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен емтихан.
4.                  профильді емес сыныптар (5-6) – ағылшын, қазақ, орыс және математика;
5.                  профильді сыныптар (7-11) – ағылшын, қазақ, орыс және математика
 
Қабылдау сұхбаттасу қорытындысы бойынша жүргізіледі. «С» төмен баға алып қалған жағдайда, үміткерге даярлық курстарынан өтуге кеңес беріледі.
Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру ағымдағы жылға арналған, ҚАУ Президенті бекіткен академиялық күнтізбеге сай болуы керек. Жаңа оқу жылына арналған академиялық күнтізбе ағымдағы оқу жылының соңында құрылуы тиіс.
Кестеде  жүргізілетін сабақтардың сағаты, уақыты және өту реті беріледі. Сабақтың өту ұзақтығы – 45 минут.  1-сыныптарда оқыту «сатылай» әдіс негізінде жүзеге асады. Оқу жүктемесі біртіндеп ұлғаяды: 1-тоқсанда – 3 сабақ 35-мин., 2-тоқсаннан бастап – 4 сабақ 35-минут. Сабақ кестесі оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалыстарын ескере отырып құрылады.
Мектептегі сабақтар 8.30-да басталады.
Мектептің оқу жылы (2-11 сыныптар) 34 аптадан (демалыс уақытын есептемегенде) тұруы тиіс;
Күзгі семестр (I,II тоқсан) – 16 апта.
·                     10 және 16 аптада  аралық бақылау - Мidterm 1, 2;
·                     17 апта – емтихан (Final Exams-1);
·                     Бір апта күзгі демалыс уақыты;
·                     Үш апта қысқы демалыс уақыты.
Көктемгі семестр  (III, VI тоқсан) - 18 апта.
·                     29-шы және 38-ші аптада аралық бақылау- Мidterm 3, 4;
·                     39-шы апта – емтихан (Final Exams-2);
·                     Екі апта көктемгі демалыс уақыты.
Халықаралық көпбалды әріптік жүйеге бейімделу мақсатында, Қазақ-Америка университеті жанындағы мектепте осы жүйе енгізілген. Мысалы: 5 (А), … 3 (D), 2 (F).
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау, аралық, емтихан және мемлекеттік аралық бақылау, ҰБТ түрінде жүргізілуі тиіс. 
Аралық бақылау жылына 4 рет жүргізіледі (10-шы оқу аптасы Midterm-1, 16-шы оқу аптасы Midterm-2, 29-шы апта – Midterm-3, 38-ші апта – Midterm-4). Емтихан 17 және 39 аптада өтеді. Осылайша, білім алушылардың GPA бір оқу жылында екі рет шығарылады.
5-7 сынып студенттері GPA 2 балдан төмен, 8-11 сынып студенттері 2,5 балдан төмен алса, Retake тапсыруы тиіс (қайта оқу және емтихан тапсыру).
Пәнді ақылы түрде қайта оқу (Retake) қысқы және жазғы демалыс уақытында жүргізіледі:
·                    Емтихан бойынша 1-2 пәннен   «F» бағасы болған жағдайда;
·                    Сабақты себепсіз босату 7% жеткен жағдайда.
Студенттің академиялық қарызы жөніндегі қарызын растайтын негізгі құжат рейтингтік-емтихандық ведомость.
Студенттердің сабақты босатуларын анықтайтын негізгі құжат - сынып журналы. Оқушылардың ай сайынғы сабаққа қатысуы туралы есепті мектеп басшылығы сынып кураторларымен (эдвайзер) бірлесе отырып жасайды.
 Студенттердің сабаққа қатысуын журналда белгілеу міндеті мектеп оқытушыларына жүктеледі. Емтихан қорытындысы нәтижесі негізінде Тіркеуші пәнді қайта оқу үшін топтарды құрып, сабақ кестесін жасау үшін, қайта оқытылатын пәндердің тізімін береді.
Retake мынадай формада өтеді: 85% өз бетімен оқу және 15% аудиториялық сабақ.
 Қайта оқу курсын аяқтағаннан кейін емтихан сессиясы аяқталған соң, бір айдың ішінде    студенттен Тіркеуші қайта емтихан алады. Емтихандардың кестесін Офис Регистратор жасайды. Емтихан түрі және дәрісханасы емтихан болатын күні жарияланады.
Емтихан жүргізу тәртібі білім алушыларды қабылдау, аттестациялау және шығару Регламентке, емтихан сессиясын жүргізуге арналған ескертпеге сай жүргізіледі.
Студент емтихан аяқталғаннан кейін үш күн ішінде   беруге құқығы бар. Қайта қарау апелляциялық комиссияның қатаң бақылауымен ауызша билет бойынша, немесе компьютерлік тестілеу түрінде жүргізіледі. Емтиханды қайта тапсыру кезінде алған бағалар «R» таңбасымен белгіленіп, сынып ведомостіне енгізіледі. GРА анықтау кезінде ескерілуі тиіс.
Пәнді қайта тапсыру кезінде (F) бағасын алған немесе орта балды GРА ала алмаған студент екінші жылға оқуға қалады. 
Пәнді қайта оқу «ҚАУ-дың негізгі және қосымша білім беру қызметтерінің тарифіне»  сәйкес ақылы түрде жүргізіледі.
Сынып кураторы оқу ақысының төленіуі мен Retake бойынша сабақтың өткізілуін қадағалап, Тіркеу офисіне есеп береді.
Аралық бақылау (Final-examination) – емтихан. Емтихан түрлі формада (компьютерлік тестілеу, ауызша және жазбаша емтихан) жүргізіледі, сонымен қатар, емтиханға жіберу, емтихан сұрақтары мен тапсырмаларының теориялық және практикалық компоненттері.
Әріптік баға және оның цифрлік эквиваленті төменде берілген пайыздық шәкі бойынша анықталады.
Білім алушылардың аралық бақылауы тоқсан бойынша жүргізілетін рейтингтік бақылау (Midterm) түрінде жүргізіледі. Оны тоқсан қорытындысы бойынша мектеп директорының қатаң бақылауында пән мұғалімдері өткізеді. 
Аралық бақылау кезінде білім алушы ағымдағы үлгерімі бойынша бағаланып, пайыздық және көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады. Білім алушылар аралық бақылау өткеннен кейін үш күн ішінде апелляциялық шағым беруге құқықтары бар. Оны пән бойынша  құрылған апелляциялық комиссия мүшелерін мектеп директоры тағайындайды.