Ата-аналарға балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған кеңестер
• Баланың мүдделерін құрметтеу - оның дамуының негізі.
• Баланы бағалау үшін шығармашылық әрекеттерін айыптаудан аулақ болаңыз - жұмысты қалай жақсарту туралы кеңестер айту міндетті емес ... Бұл жағдайда, бала қанша еңбек етсе де, нәтиже жеткілікті деңгейде жақсы болмайды.
• Оғаш идеяларға, баланың қызығушылықтарына, сұрақтары мен ойларына толерантты болу керек және құрметтеу керек. Олар өмірден «тыс» болса да, барлық сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
• Бала қажет етсе, оны жалғыз қалдырып, өз ісін өзіне аяқтауға мүмкіндік беріңіз. «Тәлімгерлік» шығармашылыққа артық кедергі болады.
• Балаңызға өзінде бар шығармашылық тұлғаны бағалауға көмектесіңіз. Алайда, оның мінез-құлқы (агрессивтілік, мейірімділік) лайықты шегінен шықпауы тиіс.
• Баланың жаңа шығармашылық әрекерттерін қолдап, мақтау сөздерін аямаңыз. Бірінші тәжірибелеріне, олар сәтсіз болса да, сын көзбен қарамай, қолдаңыз. Бала көбінесе өзіне ғана емес, сүйетін адамдарына жақсылық жасауға ұмтылады.
• Балаңызды кейде тәуекел мен түйсігіне сүйенуге үйретіңіз.
• Балаңызға қабілеттері ұқсас дос табуға тырысыңыз. Мектеп-жасындағы балаға өз жасындағы досы болуы өте маңызды болып табылады. Дарынды қыз өзі сияқты бир дос қыз табуы үшін жүздеген баланы білуі тиіс. Балаңыздың жалғыз қалуына және басқа балалармен байланысын үзуге жол бермеңіз.
• 3 және 7 жас аралығындағы балаларға ата-анасының белсенді түрле қолдауы қажет, оларды үйде оқыту және оқуын қадағалау ерекше маңызды және қажетті болып табылады.
• Кейде ересек адамдар щектен тыс шығып, балалардың психикалық және физикалық қабілеттерін дамытуға көп көңіл бөліп кетеді. Баланың ойындарын қиып, оны музыка, оқу, би және спорт сабақтарымен алмастыруға болмайды.
• Әр түрлі салаларға қатысты түрлі сұрақтарды мәселе ретінде пайдаланыңыз. Мысалы барлық адамдардың бойы саусақтан артық емес болса, не болар еді?
• Қызығушылықты дамыту мақсатында баланы қоршаған ортаны жаңа элементтермен толықтырып отырыңыз.
• Балаларға белсенді түрде сұрақтар қоюға мүмкіндік беріңіз.
• Мезгіл-мезгіл тексеру ретінде шығармашылық тапсырмаларын пайдаланыңыз.