Оқытушы денсаулығын сақтау және қадағалау үшін қолдану қажет:
Емдеу - сауықтыру жаттығулары:
• Омыртқаға арналған жаттығулар
• Мүсінге арналған жаттығулар
• Мойын омырткаларына арналған жаттығулар
Физикалық денсаулығын бақылау:
• Толыққанды тамақтану
• Жеткілікті ұйқы
• Жеке бас гигиенасын сақтау
• Еңбек және тынығу режимі
• Спортпен шұғылдану
Психоэмоциональді тепе теңдікті сақтау:
• Позитивті ойлау
• Оптимизм
• Эмоцияларды басқару
• Адамдарға мейірімді көз қараста болу
• Өзіне деген сүйіспеншілік
Дауыс шықпай қалған жағдайда не істеу қажет?
• Ыстық ішуге болмайды.
• Құрамында тұзды ерітінді және йоды бар салқын сусындарды пайдаланыңыз.
• Кейбір майлар қосылған минералды сумен ингаляция тиімді.
• Рационға бал және прополис енгізіңіз.
Дауыс байламдарына жедел көмек
Ауыз жұмылған күйде бірнеше бұлшық етке куш тусірініз. Жақ асты булшық етке, тіл түбірі, жұтқыншақ және көмейге жағымсыз қысым түскенін сезінесіз. Жаттығу ұзақтығы 5-10 сек. Жалбыз пластилкаларын соруға болады. Стакан ыстық суға 1 таблетка валидол салып, буымен 1 минут бойы демалыңыз.
Алдын- алу
Аминқышқылды витаминдерді - «Амиатон», « Авиатон», В1,В6,В12, алоэ экстракті витамин инъекцияларын қолданыңыз. Тыныс алу жаттығуларын орындаңыз.
Есте сақтаңыз!
Еркін, ашық дауыс физикалық денсаулыққа, сыртқы келбет әлеуметтік сеніммен қатынасу мәнеріне қолайлы әсер етеді.
Тыныс жаттығулары

1. Түзу тұрып, мойынды созып, басты көтеріп, жамбасты сәл алға итеріп, кеудені «шеңбер» жасаңыз. Қолтық астында үлкен доп ұстап тұрғандай ойлаңыз. Осы қалыпты 2-3мин сақтаңыз. Біркелкі демалыңыз. Дем алғанда ауа көлемін көбейтіңіз.
2. Тұрған қалыптан еңкейіп, қолды еденге дейін, максималды демді сыртқа шығарыңыз. Осы қалыпты бірнеше секунд сақтаңыз. Біртіндеп түзеліп, қолдарыңыз бүйіріңізде баяу мұрын арқылы демді ішке тартыңыз. Алақандарды біріктіріп , қолыңызды жоғары көтеріңіз. Тынысыңызды ұстаңыз. Қолдарыныңыз еркін, ілгері еңейіп, ауыз арқылы баяу демді сыртқа шығарыңыз. Максимальді бос болыңыз.
3. Бастапқы қалып- еденде немесе орындықта отырып. « Денені шеңбер тәрізді орап» максимальді топталу. Тынысты ұстап тұрыңыз. Кейін күшпен демді ішке тартыңыз. Тынысты 2 секунд ұстаңыз. Кейін демді сыртқа шығарып, тез түзеліңіз. Бәсең дауыспен: «Ух!» деп айтыңыз. Жаттығуды 6-8рет қайталаңыз.
4. Аяқтар иық деңгейінде , алақандар бастың артында түзу тұрыңыз. Жанына бұрылыңыз (шынтақтарыңызды еденге қарай созамыз). Дем ішке тартып , тынысыңызды ұстаңыз. Кеуде бұлшық етінің тартылуын сезініңіз. Бастапқы қалыпқа оралып, демді шығарыңыз. Жаттығуды 10-20 рет қайталаңыз.
5. Түзу, аяқтар иық деңгейінде, қолдарыңыз арқаңызда , алақаныңыз біріктірілген . Ілгері еңкейіп, максимальді қолдарды созып, баяу демді сыртқа шығарыңыз. Тік тұрып, жаттығуды 10-20рет қайталаңыз.
6. «Ли,ти,ни,ки,ги» буындар сериясын айтыңыз. Ауыз бен көмейдің артқы бөлігінен тілдің осы «дыбыстарды шығаруын» сезініңніз.Осы дыбыстарды баяу сосын қатты дауыспен әндетіп көріңіз. «А-и-ай-су-ю» айтыңыз. Жаттығуды 8-10 рет қайталаңыз.
7. Жаттығу- ауыз жұмылған күйде ән айту: ерінді қысып -«ммм», тіл ауыздың « түбінде», таңдай дірілдейді; әндетіңіз «ннн»-тіл таңдайдың алдыңғы қатты бөлігіне тиеді; мұрынмен әндетіңіз «нгнгнг»-тілдің артқы бөлігі таңдайдың жұмсақ бөлігіне көтеріледі, тербелістер көмей мен мойынға беріледі. Әр жаттығуды 8-10рет қайталаңыз.
8. Тілге арналған жаттығу, егер шаршаған жағдайда. Бұл жағдайдан арылу үшін:а) дауыссыз дыбыстар жалғанған «ло», «ла», «лэй» дауысты дыбыстарды айтыңыз; қолыңызды ауызға 7 см аралықта жақындатып, осыны қайталаңыз. Буындарды «л» әрпінен бастағанда қолыңызды тіліңізге тигізіңіз. Жаттығуды 8-10рет қайталаңыз.