ЮНЕСКО-мен ассоциациаланған ҚАУ жанындағы мектептің
Қамқоршылар кеңесі туралы


Е Р Е Ж Е
1.ЮНЕСКО-мен ассоциациаланған ҚАУ жанындағы мектептің Қамқоршылар кеңесі (бұдан әрі “Қамқоршылар кеңесі” деп аталады) аталған жалпы білім беру мекемесінің өзін-өзі басқару түрі болып табылады. ҚАУ жанындағы мектептің Жарғысына қосымша болатын Ереже Қамқоршылар кеңесінің сайлау тәртібі мен құзіреттілігін анықтайды.
2.Қамқоршылар кеңесінің құрамына ҚР мемлекеттік органның өкілдері, мектептің дамуы мен жұмысының жақсаруына қызығушылық танытқан әр түрлі меншіктің түрлі нысандарындағы ұйымдар, оқушылардың ата-аналары(заңды өкілдер) және өзге де тұлғаларкіреді.
3.Қамқоршылар кеңесі мүшелерінің мүмкіндіктерін кеңейту мерзімі -5 жыл.Қамқоршылар кеңесіне мүшелікке сайлау конференцияда әр үміткерге ашық жеке дауыс беру арқылы сайланады. Конференцияға қатысушылардың көпшілігі дауыс жинаған үміткер мүшелікке сайланады. Конференцияда ашық дауыс беру арқылы қамқоршылар кеңесініңтөрағасы мен хатшысы сайланады.
4.Қамқоршылар кеңесінің мақсаты – мектеп дамуына бюджеттен тыс қорды басқару, оқу, жағдайы төмен оқушыларға қамқорлық және олардың дамуы,тәрбие ісін ұстаздармен бірге жүзеге асыру, мұғалімдер мен мектеп жұмысшыларына қамқорлық жасау.
5.Қамқоршылар кеңесінің мүшелерінің қамқорлығы - тегін.
6.Қамқоршылар кеңесінің құзіреттілігі
Қамқоршылар кеңесі:
• Мекемелер оқу үрдісін жетілдіру мен ұйымдастыруға жәрдемдеседі, қызмет көрсетуге және оның дамуы үшін бюджеттен тыс қаражат тартады;
• мектептің бюджеттен тыс қорының шығыстарын негізгі бағыттары бойынша дамыту үшін бюджеттен тыс қаражаттың пайдалану ретін және оның қанша екенін анықтайды;
• мектеп әкімшілігі бюджеттен тыс қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;
• қажет болған жағдайда, мектеп құрылтайшысына мектептің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру туралы ұсыныстар енгізу;
• құрылтайшымен бірлесе отырып, мектеп шартына өзгерістер мен қосымша өзгертулер енгізуді қарастырады;
• мектеп Жарғысындағы өзгерістер мен қосымша өзгертулер туралы білім беру мекемесінің конференциясында қарастыруға ұсыныс жасайды;
• оқушылардың ата-аналарымен(заңды өкілдерімен) мектептің ынтымақтастық туралы келісімін бекітеді;
• мекеме ұстаздардың және мектептің басқа да қызметкерлерінің жағдайын жасауға жәрдемдеседі;
мектептің материалды-техникалық базасын жетілдіруге, оның үй-жайлары мен аумақтарын кеңейтуге жәрдемдеседі;
• мектеп оқушылардың сабақ оқуына, тәрбиесіне , сонымен қатар олардың денсаулығы мен тамақтануына оңтайлы жағдай жасайды;
• мектеп құрылтайшысына мектептің жұмысын жетілдіру туралы ұсыныстар жасайды;
• мектептің білім беру саясатына басқару органы мен мектеп өміріне белсене араласу арқылы әсер етеді;
• мектеп директорлығына сайланатын үміткерді таныстыру;
• оқушуларға қоғамдық жұмыстар мен ерекше көзге түскен жетістіктері үшін біржолғыкөмек сыйақы енгізу;
• нақты білім беруге ересек қоғамдастықтың тапсырысы, соның ішінде ақылы;
• бұл қоғамдық сараптамашының мектеп жұмысын бағалауыболып табылады;
• мемлекеттік, жеке билік және басқару орындарында мектептің заңды мүдделерiн қорғайды;
• құрылтайшымен мектеп бюджеті және оны бекіту жайында сөйлеседі;
• білім беру бағдарламасын талдауға қатысады және өз ұсынысын енгізеді;
• мектептің педагогикалық кеңесіне, конференцияға қатысу;
• мектеп директоры мен оның әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарына банктен ақша алуға рұқсат етіледі;
• бюджеттен тыс қаражатқа аудит жүргізеді;
• мектептің тексеру комиссиясының жұмысына Қамқоршылар кеңесінің тексеру комиссиясы туралы Ережеге сай жетекшілік етеді, ұйымдастырады.
7.Қамқоршылар кеңесінің отырысы қажеттілігіне қарай жылына 1 реттен кем өткізілмеуі керек. отырысқа қатысушылардың дауыс саны тізімдегі құрамнан аз болмаса,қамқоршылар кеңесінің отырысы заңды. Қамқоршылар кеңесінің отырысы мен шешімі төрағаның қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.
8.Қамқоршылар кеңесінің өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімібарлық мүдделі тұлғаларға хабарланады.