ҚАУ жанындағы мектеп асханасы

      ҚАУ жанындағы мектепте кіші буындағы (0-4-сынып) балалар үшін 3 мезгіл  (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас), орта және жоғары буындағы (5-11-сыныптар үшін)  балалар үшін 2 мезгіл (түскі ас, түстен кейінгі ас) тамақтану көзделген.

ҚАУ жанындағы мектептің асханасында 2  зал бар. Кіші және орта буындағы (0-6-сынытар) балаларға және жоғары буындағы (7-11-сыныптар) балаларға арналған залдар, сонымен қоса мектепке дейінгі  даярлық тобындағы балалар үшін витражбен қоршалған арнайы аумақ бар.
Кіші және орта буындағы балалар үшін тағамдар ас үстеліне жайылады. Олар асханаға кураторларымен бірге келеді.
Жоғары буындағы балалар үшін түскі және түстен кейінгі асты үлестіріп беру көзделген.
Мектеп оқушыларына арналған ас мәзірі мектептің педиатр дәрігерімен келісе отырып жасалады. Сондай ақ, ас мәзірі оқушылардың жас ерекшелігіне, СЭҚ талаптарына сай құрылады. Тамақтану алдында мектеп дәрігері мен сараптама  коммиссиясының барлық мүшелері тамақтың құрамын тексереді. Балалар асханаға алдын-ала жасалған кесте бойынша келеді. Төменгі сынып студенттері мен жоғары сынып студенттері асханада әр түрлі уақытта тамақтанады.
 

 

 

 

2017-2018 оқу жылына бракераждық комиссияның құрамы
1. Ховдахан А. - ҚАУ жанындағы мектеп педиатрі
2. Джунуспекова А.М. - ҚАУ жанындағы мектеп директорының орынбасары
3. Тлеуова Ж.Е. - Өндіріс менеджері
4. Филиппова Н.М. - ҚАУ жанындағы мектептің ата-аналар комитетінің өкілі