Мектепте дене шынықтыру мен спортты насихаттау, мектеп спорт клубын ұйымдастыру жұмыстарын дамыту қолға алынды.
Мектеп спорт клубы оқу орнында бұқаралық спорт жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу мақсатында құрылды.
Спорт клубының мақсаттары болып табылады :
- спорт және туризмге оқушыларды тарту үшін, дене шынықтыру сабағына жүйелі жағдай жасау;
- дене шынықтыру сабақтарында студенттер өмірден алған дағдыларын және өз бойындағы физикалық қасиеттерін жетілдіру жұыстарын,осы негізде қалыптастыруға жәрдемдесу ;
-Студенттердің бойына қоғамдық белсенділігі мен еңбексүйгіштігін, ұйымдастырушылық пен басқару дағдыларын қалыптастыру;
Мектептің спорт клубының функциялары болып табылады:
-оқушыларға тұрақты спорттық секциялармен қатар, жалпы дене шынықтыру топтарын ұйымдастыру керек;
-мектепішілік және сыныпаралық жарыстармен қатар басқа мектептер арасында достық қарым-қатынас үшін спорттық кездесулер өткізу керек;
-білім беру жүйесінде өткізілетін жарыстарға қатысуды ұйымдастыру;
- мектебіміздегі спортшылардың жетістіктерін денешынықтыру мерекелерінде аудан, қала көлемінде көрсету керек;
-мектептегі дене шынықтыру мен спортты насихаттау жұмыстарын кеңінен жүргізу;
-мектептің материалдық-техникалық базасын кеңейту және нығайту жұмыстарын жүргізу ( ол үшін мектептегі спорт нысандары мен көмекші жабдықтарын қарапайым жөндеу және дайындау );
- мектептің ұлттық құрама командаларын құру және оқушыларды жоғарғы дәрежелі (аудандық , аймақтық ) жарыстарға қатысуға баулу;