Апта бойы балалар мерекеге белсенді дайындалды: күзгі тақырыпқа суреттер салды, табиғи материалдардан қолөнер жасады.
Мереке бағдарламасы оқушылардың қысқа өлеңдерді жатқа оқуынан басталды. Ұлдар мен қыздар көңіл көтеріп қана қоймай, көптеген қызықты, танымдық дүниелерді білді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жетістікке оқушылардың танымдық қызығушылығының, белсенділігі мен ұйымшылдығының арқасында қол жеткізілді.