Мектеп бойынша экскурсия
Назарларыңызға жаңартылған KAU School мектебін –
сан қырлы мүмкіндіктер мектебін ұсынамыз. Виртуалды экскурсия Сізге нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Біздің KAU мектебіміз сіздің балаңыз үшін ең жақсы мектепті таңдаған кездегі «түпкілікті» шешіміңіз болады деп үміттенеміз!
Сурет кабинеті
Сурет салу қабілеті-бұл асыра бағалауға қиын қабілет. KAU School сурет кабинетінде оқушылар бейнелеу өнерін ілгері деңгейде меңгеруге мүмкіндік алады. Сурет өнерінің жүйелі сабақтары баланы уақытты құрылымды пайдалануға, табандылықты дамытуға және тәртіпті қалыптастыруға үйретеді.
Шахмат кабинеті
Шахмат-ерекше дене шынықтыруды талап етпейтін ең қызықты спорт түрлерінің бірі болып саналады, бірақ бұл ретте баланың дамуына қолайлы әсер етеді. Мектебіміздің шахмат кабинеттерінде Сіздің балаңыз дербестікті, стратегиялық және жүйелі ойлау шекарасын кеңейтуді, жағдайды талдауды және жеңіске жететін логикалық тізбектерді ойша дамытуды үйренеді.
Музыка кабинеті
Музыка KAU мектеп оқушыларына «сиқырлы әсер» береді: есте сақтау қабілетін жақсартады, сауатты әрі еркін сөйлеуді қалыптастырады, шығармашылық, жазбаша, математикалық қабілеттерді дамытады. KAU School-да музыка кабинеті білім берудің барлық заманауи стандарттарына жауап береді, онда оқушылар шығармашылықпен қуана-қуана айналыса алады, оның ішінде музыкалық терапия да ала алады.
Басқа кабинеттер
Акт залы
Бұл балалар өздерінің шығармашылық әлеуетін аша алатын орын
Робототехника кабинеті
Балалар болашақтың ғылым әлемін оңай және қызығушылықпен игереді. Оқыту LEGO Education платформасында өтеді
Бастауыш сыныптар кабинеті
KAU мектебінің оқушылары жайлылықпен және қамқорлықпен «Білім еліне» алғашқы қадамдарын жасауда
Компьютерлік сынып
Оқушылар заманауи жабдықтармен жабдықталған сыныпта цифрландыру әлемін меңгереді